07:30, 12 Шілде 2025 | GMT +5
Бүгін төрт қалада ауа сапасы төмендейді
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

– 2025 жылғы 12 шілдеде Орал, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
«Қазгидромет» еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Алдағы үш күнде 42 градусқа дейін ыстық болады.