Бүгін түнде екі қаланың ауасы ластанады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

Экология
Фото: Pixabay.com

— 2026 жылғы 8 ақпанда түнде Атырау және Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, жексенбіде Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Екі күн бұрын Ақмола облысында балық қырылып, экологтер тексеруді бастаған болатын.

Соңғы жаңалықтар