Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің алтыншы туры басталады
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің алтыншы туры басталады.

Аталған турнирде биыл алғаш рет 36 команда бақ сынап жатыр. Дүбірлі доп додасында командалар жаңадан әзірленген нұсқа бойынша сайысқа түседі.
Алдымен 10 желтоқсанда сағат 22.35-те Испанияның «Жирона» командасы өз алаңында Англияның «Ливерпуль» клубымен шеберлік байқасады. Артынша 00:50-де «Аталанта» (Италия) мен «Реал Мадрид» (Испания) жасыл алаңға шығады. Аталған ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ал 00:50-де басталатын «Байер» (Германия) мен «Интер» (Италия) кездесуін тікелей эфирде «Qazaqstan» теларнасынан тамашалауға болады.
Екінші турдың алғашқы ойын күні олардан басқа «Динамо Загреб» (Хорватия) пен «Селтик» (Шотландия), «Брюгге» (Бельгия) мен «Спортинг Лиссабон» (Португалия), «Зальцбург» (Австрия) пен «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Шахтер Донецк» (Украина) пен «Бавария» (Германия), «Лейпциг» (Германия) пен «Астон Вилла» (Англия), «Брест» (Франция) пен ПСВ (Нидерланд) ойнайды.
Екінші ойын күні, 11 желтоқсанда 22.35-те «Атлетико Мадрид» (Испания) пен «Слован» (Швейцария), 00:50-де «Ювентус» (Италия) пен «Манчестер Сити» (Англия) кездеседі. Аталған екі кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сондай-ақ «Боруссия Дортмунд» (Германия) пен «Барселона» (Испания) ойынын 00:50-де тікелей эфирде «Qazaqstan» телернасынан көруге болады. Одан бөлек «Лилль» (Франция) мен «Штурм» (Австрия), «Арсенал» (Англия) мен «Монако» (Франция), «Бенфика» (Португалия) мен «Болонья» (Италия), «Фейеноорд» (Нидерланд) пен «Спарта Прага» (Чехия), «Милан» (Италия) мен «Црвена Звезда» (Италия), «Штутарт» (Германия) пен «Янг Бойз» (Швейцария) ойнайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеребесі тартылды.