Бүгін UEFA Чемпиондар лигасының екінші туры басталады
АСТАНА. KAZINFORM – Аталған турнирде биыл алғаш рет 36 команда бақ сынап жатыр. Дүбірлі доп додасында командалар жаңадан әзірленген нұсқа бойынша сайысқа түседі.
Алдымен 21.35-те Германияның «Штутгарт» командасы өз алаңында Чехияның «Спарта Прага» клубымен шеберлік байқасады. Артынша 23:50-де «Арсенал» (Англия) мен ПСЖ (Франция) жасыл алаңға шығады. Аталған ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екінші турдың алғашқы ойын күнінде «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) пен «Брест» (Франция), «Байер» (Германия) мен «Милан» (Италия), «Боруссия Дортмунд» (Германия) пен «Селтик» (Шотландия), «Барселона» (Испания) мен «Янг Бойз» (Швейцария), «Интер» (Италия) мен «Црвена Звезда» (Сербия), ПСВ (Нидерланд) мен «Спортинг Лиссабон» (Португалия), «Слован Братислава» (Словакия) мен «Манчестер Сити» (Англия) ойнайды.
Еске салсақ, Чемпиондар лигасының алғашқы турында «Манчестер Сити» мен «Интер» ұпай бөлісті.