Чемпиондар лигасы: «Манчестер Сити» мен «Интер» ұпай бөлісті
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінде алғашқы турдың екінші ойын күні өтті.
18 қыркүйекте өткен аталған турда Англияның «Манчестер Сити» командасы өз алаңында Италияның «Интер» командасының осал тұсын таба алған жоқ. Командалар 0:0 есебіне қанағат білдіріп тарасты.
Дәл осындай есеп «Болонья» (Италия) мен «Шахтер Донецк» кездесуінде тіркелді.
Ал Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы испаниялық «Жиронаны» 1:0, Чехияның «Спарта Прагасы» австриялық «Ред Булл Зальцбургті» 3:0, Шотландияның «Селтигі» словакиялық «Слован Братиславаны» 5:1 есебімен сүріндірді.
Сондай-ақ бельгиялық «Брюгге» өз алаңында Грерманияның «Боруссия Дортмунд» командасына 0:3 есебімен жол берді.
Енді 19 қыркүйекте өтетін үшінші ойын күнінде «Фейеноорд» (Нидерланд) пен «Байер» (Германия), «Црвена Звезда» (Сербия) мен «Бенфика» (Португалия), «Монако» (Франция) мен «Барселона» (Испания) кездеседі.
Оған қоса «Аталанта» (Италия) мен «Арсенал» (Англия), «Атлетико Мадрид» (Испания) мен «Лейпциг» (Германия), «Брест» (Франция) мен «Штурм» (Австрия) клубтары жасыл алаңға шығады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінде алғашқы турдың екінші ойын күні өтті.