05:03, 11 Сәуір 2025 | GMT +5
Бүгін үш қалада ауа ластанады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайсыз метеорологиядық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

2025 жылдың 11 сәуірінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар мен ауаның ластануы Қарағанды, Өскемен, Алматы қалаларында күтіледі, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.