Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

ауа сапасы
Фото: Kazinform

- 2025 жылғы 31 мамырда Ақтөбе қалаласында, түнде Қостанай мен Астана қалаларында ауан ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 31 мамыр мен 2 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Соңғы жаңалықтар