Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.  

Алматы, смог, түтін, экология, ауа сапасы
Фото: Александр Павский/Kazinform

— 2025 жылғы 24 шілдеде Алматы, Өскемен, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Қостанай мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілетіні мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар