Бүгін үш қалада ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Kazinform

— 2025 жылғы 29 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, Алматы, түнде Атырау қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Атырау экологиясына әсер ететін негізгі нысандар белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар