04:45, 12 Қазан 2025 | GMT +5
Бүгін үш қалада ауаның ластануы жоғарылайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК үш қалада ауа сапасы төмендейтінін хабарлады.
— 2025 жылғы 12 қазанда Ақтау, Алматы қалаларында, түнде Өскемен қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.