Бүгін үш қалада метеорологиялық жағдай жайсыз болады

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін еліміздің үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.  

ауа сапасы
Фото: Kazinform

- 2025 жылғы 18 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Өскемен, Алматы, түнде Астана қалаларында күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Қазгидромет синоптиктері 18 маусымдағы ауа райы болжамын жариялады.

Соңғы жаңалықтар