Бүгін үш мегаполисте ауа сапасы төмен болады
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

— 2025 жылғы 20 мамырда Шымкент, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін елімізде жалғыз қалада ауа сапасы нашарлайтыны айтылды.
Сонымен қоса Өскемен қаласындағы зауыттардың бірінде ауаға тарайтын зиянды қалдықтар мөлшері рұқсат етілген шектен асып кеткені анықталды.