07:30, 03 Шілде 2025 | GMT +5
Бүгін жеті қалада ауа ластанады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның жеті қаласындай жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

-2025 жылғы 3 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, түнде Астана, Атырау қалаларында күтіледі,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Осыған дейін Франция мен Испанияда аптап ыстықтан адам өлімі тіркелгені туралы жаздық.