Бүгінгі доллар бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматыда ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар: сатып алу - 521,70 теңге, сату - 523,66 теңге;
- еуро: сатып алу - 610,89 теңге, сату - 615,92 теңге;
- рубль 6,46 - 6,57 теңге аралығында саудаланады.
- юань 72,89 - 75,62 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар 520,45 теңгеден сатып алынады, 527,42 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 609,58 теңге, сату - 619,58 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,42 теңге, сату - 6,57 теңге;
- юань 73,06 теңгеден сатып алынады, 77,07 теңгеден сатылады.
Еске салайық, өткен апта күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,16 теңгеге қымбаттап, 522,38 теңге болды.