Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 519 — 525 теңгеден саудаланып жатыр.

Курс валют валюта бағамы
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Ұлттық банктің 24 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 523,46 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,69 теңге. Еуро — 600,04.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 522,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 520 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 600 сату құны — 605.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 525 теңге, сатып алу құны — 519 теңге. Еуро 597 теңгеден сатып алынып, 604 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,55 — 6,72 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 23 маусым күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,54 теңгеге қымбаттап, 523,46 теңге болған. 

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар