Бүгінгі валюта бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 — 522 теңгеден саудаланып жатыр.

Курс валют валюта бағамы
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Ұлттық банктің 26 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,50 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,61 теңге. Еуро — 601,62.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 517 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 601 сату құны — 605.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 516 теңге. Еуро 597 теңгеден сатып алынып, 604 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,47— 6,62 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 25 маусым күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,61 теңгеге төмендеп, 518,50 теңге болған. 

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты

Соңғы жаңалықтар