Бүгінгі валюта бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 — 522 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 19 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,63 теңге. Еуро — 596,27.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —518 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 595 сату құны — 600.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 516 теңге. Еуро 594 теңгеден сатып алынып, 604 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,48 — 6,68 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 18 маусым күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,13 теңгеге қымбаттап, 518,81 теңге болған.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.