Бүгінгі валюта бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 - 523 теңгеден саудаланып жатыр.

тенге, доллары, евро, рубль, курс
Фото: Александр Павский / Kazinform

Ұлттық банктің 30 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 520, 39 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,63 теңге. Еуро — 609,58

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —516 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 606 сату құны — 610.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Еуро 603 теңгеден сатып алынып, 610 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,49 - 6,65 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 27 маусым күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,02 теңгеге қымбаттап, 520, 39 теңге болған.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар