Бүгінгі валюта бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 517 — 523 теңгеден саудаланып жатыр. 

Бүгінгі валюта бағамы қандай
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Ұлттық банктің 11 шілдеге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,66 теңге. Еуро — 607,91
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —519 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 607 сату құны — 611.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Еуро 605 теңгеден сатып алынып, 612 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,55— 6,70 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 10 шілде күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,56 теңгеге төмендеп, 518,34 теңге болған. 

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты

Соңғы жаңалықтар