Бурабайда көл жағасынан 16 жасар студент қыздың мәйіті табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Бурабай ауданындағы Щучье көлінің жағасынан 16 жасар студент қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі.
None
None

«Дүйсенбіде, 2 маусым күні, Бурабай ауданындағы Щучье көлінің суда құтқару стансасының маңынан жергілікті тұрғын бойжеткен қыздың өлі денесіне тап болған. Кейін полиция қызметкерлері оның 16 жасар Щучье педагогикалық колледжінің бірінші курс студенті екенін анықтады», - делінген хабарламада. Қазіргі уақытта мәйіт сот-медициналық сараптамасына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар