12:20, 22 Шілде 2015 | GMT +5
Бурабайдағы екі шипажай базасында суда құтқару бекеттері ашылды - Ақмола облысы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бурабай ауданында «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешеннің және «Зеленый бор» шипажайының базасында ведомстволық құтқару бекеті ашылды, деп хабарланған ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында.
«Оқжетпес» шипажайының сегіз қызметкері және «Зеленый бор» шипажайының үш қызметкері 2015 жылдың маусым айының 16-сы мен 30-ы аралығында құтқарушыларды дайындаудың теориялық курстарынан өтіп, суда зардап шеккендерге көмек көрсетудің практикалық дағдыларына үйренді.
Сондай-ақ Бурабайдың және Щучьенің құтқару бөлімшелерінде құтқарушылар құтқару құралдарын тиімді пайдалануды және еспелі қайықты жүргізуді игерді.
Құтқарушылар курстар бітіргені туралы куәліктер иеленді.