Бурабайдағы «Rixos» қонақ үйінің 17 қызметшісі тамақтан уланып қалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы «Rixos» қонақ үйінің 17 қызметшісі тамақтан уланып қалды, оның ішінде 7 адам жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Rixos» қонақ үйінің қызметшілері арасында бактериялық ішек инфекциясының 17 жағдайы тіркелгені анықталды. Инфекцияны жұқтырған 17 науқастың 7-і Көкшетау қаласының жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды, қалған науқастар амбулаторлық ем қабылдайды, жағдайлары қанағаттанарлық», - деді Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова.

Департамент басшысы орынбасарының айтуынша, қазіргі кезде «Бурабай» санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Rixos» қонақ үйінің мейрамханасына жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр.

«Судың, тамақ өнімдерінің және шайындылардың сынамалары алынды, зертханада тексеріліп жатыр. Сондай-ақ, қызметшілер тексеріліп, эпидемияға қарсы шаралар жалғасады», - деп толықтырды Сәуле Сәдуақасова.

Көкшетау қаласы жұқпалы аурулар орталығы мамандарының сөзінше, инфекция жұқтырып, ауруханаға жатқызылған науқастардың саны тоғызға жеткен.

Айта кетсек, бұдан бұрын тұрғындары түйнеме жұқтырған Ақмола облысындағы ауылда карантин жарияланғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар