Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ісі сотқа түсті

АСТАНА. KAZINFORM – Экс-шенеунікке қатысты іс бойынша тергеу амалдары аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті.

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ісі сотқа түсті
Фото: gov.kz

- Агенттік бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев және басқа тұлғаларға қатысты алаяқтық, аса ірі мөлшерде ұрлау және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады. Биыл 3 наурызда қылмыстық іс сотқа жіберілді, - деді Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, бұрынғы министр Марат Бекетаев 1,5 жылдай қамауда отырды. 

Еске сала кетейік, бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 2023 жылы қазанда лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды. 

Антикордың мәліметінше, ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүддесін қолдаған.

Экс-шенеунікті қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Соңғы рет биыл 21 мамырда 2024 жылғы 21 маусымға дейін қамау санкцияланды. 

Былтыр шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты тергеу амалдарының аяқталғанын хабарлады. 

Сондай-ақ өткен жылы қазанда экс-министрге қатысты тергеу аяқталып, Антикор материалдармен танысып жатқаны туралы хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар