Бұрынғы сенатор Иран Әміров өмірден озды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - ҚР еңбегі сіңген заңгер, Парламент Сенатының бұрынғы депутаты Иран Әмірұлы Әміров 70 жасында өмірден озды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.
None
None

И.Әміров Ақтөбе облысындағы сот жүйесінің дамуына өзіндік үлесін қосты.

1974 жылдан - Фрунзе аудандық сотының судьясы. 1975 жылдан - Ақтөбе облысының Октябрь аудандық сотының судьясы, төрағасы. 1982 жылдан - Ақтөбе облысының Алға аудандық сотының төрағасы. 1991 жылдан - Ақтөбе қалалық сотының төрағасы. Ал 1995 -2004 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметін атқарды.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен; «Үш би» құрмет белгісімен; ҚР Әділет министрлігінің, ҚР Соттар одағының құрмет грамоталарымен марапатталған.

Ақтөбе облысының сот қауымдастығы И.Әміровтың туыстары мен достарына көңіл айтты.

Соңғы жаңалықтар