БҰҰ әлем елдерін олимпиадалық бітімге шақырды

АСТАНА. KAZINFORM – Ежелгі олимпиадалық дәстүр бойынша жарыс өтетін уақытта әлем елдері соғысты тоқтата тұруы керек, деп жазды euronews.

БҰҰ
Фото: Unfoundation.org

БҰҰ мен Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар бір-бірімен соғысып не жанжалдасып жатқан тараптарды жарыс өтіп жатқан кезде қаруды тастауға шақырады.

Үндеу ойындардың басталуына санаулы күндер қалғанда жасалып, көне грек дәстүрі — «экехейрияға», яғни олимпиадалық бітімге сүйенеді. Бұл дәстүр біздің дәуірімізге дейінгі VIII ғасырда қалыптасып, 1994 жылы Лиллехаммерде өткен ойындар кезінде қайта жаңғыртылған.

- Этикалық тұрғыдан алғанда олимпиадалық бітім соғысты тоқтату туралы қасиетті ұғым және ол орындалуы керек, - деп мәлімеді Афиныдағы Халықаралық олимпиадалық бітім орталығының директоры Константинос Филис.

— Іс жүзінде бұл әрдайым мүмкін бола бермеуі мүмкін. Алайда біздің үндеуіміз жер шарының барлық аймағына бағытталған. Мүмкіндік бар жерде бейбітшілік үшін, тіпті шағын болса да, кеңістік қалыптастыруға ұмтылуымыз керек.

Италияның бастамасымен 2025 жылдың қараша айының соңында БҰҰ олимпиадалық кезеңде атысты тоқтату жөніндегі қарар қабылдады. Соңғы онжылдықтарда Олимпиада ойындары бірқатар маңызды бітімдерге түрткі болды.

Осыған дейін Астанадан Қысқы Олимпиадаға қанша спортшы қатысатыны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар