БҰҰ есебі: 2024 жылы әлем халқының 8,2%-ы аштық зардабын бастан өткерді
АСТАНА. KAZINFORM — 2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы немесе 673 миллионға жуық адам аштықпен бетпе-бет келген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-дан және 2022 жылғы 8,7%-дан төмен, деп жазды АЗЕРТАДЖ.

Алайда, БҰҰ-ның бес мамандандырылған мекемесі жариялаған «Әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігі мен тамақтанудың жай-күйі» (СОФИ 2025) баяндамасына сәйкес, әртүрлі аймақтарда ілгерілеу біркелкі болмаған – әсіресе Африканың көптеген субөңірлері мен Батыс Азияда аштық ауқымы арта түскен.
АЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауынша, СОФИ 2025 есебі БҰҰ Азық-түлік жүйелері саммитінің қорытындылау іс-шарасында ұсынылып, 2024 жылы аштықтан 638-ден 720 миллионға дейін адам зардап шеккенін көрсетті. Егер нақты бағалауды (673 млн) негізге алсақ, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 15 млн адамға, ал 2022 жылмен салыстырғанда 22 млн адамға аз.
Бұл оң өзгеріс болғанымен, көрсеткіштер пандемияға дейінгі деңгейден әлдеқайда жоғары. Соңғы жылдардағы жоғары азық-түлік инфляциясы азық-түлік қауіпсіздігінің баяу қалпына келуіне әсер еткен негізгі факторлардың бірі болды.
Азия мен Латын Америкасында жағдай жақсарды:
Азияда жеткіліксіз тамақтану деңгейі 2022 жылғы 7,9%-дан 2024 жылы 6,7%-ға (323 млн адам) дейін төмендеді. Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде 2020 жылы бұл көрсеткіш 6,1% болса, 2024 жылы 5,1%-ға (34 млн адам) дейін азайды.
Африка мен Батыс Азияда керісінше тенденция байқалады:
Бұл өңірлерде, әсіресе ұзаққа созылған азық-түлік дағдарысына ұшыраған елдерде аштық деңгейі тұрақты түрде өсіп келеді. Африкада 2024 жылы халықтың 20%-дан астамы немесе 307 млн адам, ал Батыс Азияда – 12,7% немесе 39 млн-нан астам адам аштықпен бетпе-келген.
2030 жылға болжам
Болжам бойынша, 2030 жылы 512 миллион адам созылмалы жеткіліксіз тамақтануға ұшырауы мүмкін. Олардың 60%-ға жуығы Африкада тұратын болады. Бұл – Тұрақты даму мақсаты 2 («Аштықты жою») қол жеткізу үшін зор күш-жігерді талап етеді, – деп мәлімдеді БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), Ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі халықаралық қор (МФСР), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы (WFP) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ).
Ғаламдық тамақтану мақсаттарының орындалуын бақылау
2024 жылы орташа немесе ауыр азық-түлік қауіпсіздігінің жоқтығы 2023 жылмен салыстырғанда 28,4%-дан 28,0%-ға дейін азайған. Бұл шамамен 2,3 миллиард адам. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 335 млн-ға және 2015 жылмен салыстырғанда 683 млн-ға артық.
Балалардың тамақтану мәселесі
5 жасқа дейінгі балалар арасында бой өсуінің тежелуі 2012 жылғы 26,4%-дан 2024 жылы 23,2%-ға дейін азайды.
Артық салмақ пен жедел арықтау бойынша айтарлықтай өзгерістер байқалмады:
-
артық салмақ 2012 жылы – 5,3%, 2024 жылы – 5,5%;
-
жедел арықтау – тиісінше 7,4% және 6,6%.
Ана сүтімен қоректендіру
6 айға дейінгі балалар арасында тек емшек сүтімен қоректену көрсеткіші 2012 жылғы 37%-дан 2023 жылы 47,8%-ға дейін өскен.
Ересектердегі семіздік
Ересек адамдарда семіздік 2012 жылғы 12,1%-дан 2022 жылы 15,8%-ға дейін өскен.
Әйелдердегі анемия (қан аздық)
15–49 жас аралығындағы әйелдерде анемия 2012 жылы 27,6% болса, 2023 жылы 30,7%-ға жеткен.
Тамақтану сапасы
6–23 ай аралығындағы балалардың үштен бірінің және 15–49 жас аралығындағы әйелдердің үштен екісінің рационы минималды әртүрлілік талаптарына сай келеді.
Азық-түлік инфляциясы
СОФИ 2025 есебінде 2021–2023 жылдардағы азық-түлік бағасының күрт өсу себептері қарастырылады. Бұл бағаның өсуіне COVID-19 пандемиясына жауап ретінде елдердің қабылдаған шаралары, Украинадағы соғыс және ауа райының төтенше құбылыстары себеп болған.
Инфляцияның әсері
2020 жылдан бері азық-түлік инфляциясы жалпы инфляциядан жоғары. Ең үлкен айырмашылық 2023 жылдың қаңтарында тіркелген – азық-түлік инфляциясы 13,6%, ал жалпы инфляция – 8,5%.
Төмен табысты елдер көбірек зардап шекті
2023 жылдың мамырында бұл елдерде азық-түлік инфляциясы 30%-ға жеткен.
Сау рационға қолжетімділік
2019 жылы 2,76 млрд адамға, 2024 жылы 2,60 млрд адамға сау рацион қолжетімді болмаған. Алайда, өзгерістер біркелкі емес:
-
Төмен табысты елдерде 2019 жылы 464 млн, 2024 жылы – 545 млн адам
-
Орташа табысты елдердің төменгі тобы (Үндістаннан басқа) – 791 млн-нан 869 млн-ға дейін өскен.
Ұсыныстар
Баяндамада азық-түлік инфляциясымен күрес үшін келесі шаралар ұсынылады:
-
Әлеуметтік қорғаныс бағдарламаларын қамтитын уақытша және мақсатты бюджеттік шаралар
-
Ашық және шынайы ақша-кредит саясаты
-
АӨК-ті дамытуға бағытталған зерттеулер мен инфрақұрылымға стратегиялық инвестициялар
Еске сала кетейік, бұған дейін БҰҰ Нигерияда 600 мыңнан астам бала аштықтан өліп кетуі мүмкін екенін мәлімдеген еді.
27 шәлдедегі көрсеткіш бойынша Газа секторында аштықтан қайтыс болғандар саны 127 адамға жетті.
Ал 2050 жылы тағы 80 млн адам аштықтан зардап шегеді болжанған болатын.