Жер сілкінісі Калифорнияға қауіп төндіруі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Ғалымдар АҚШ-тың солтүстік-батысындағы Каскадия су асты аймағындағы геологиялық ақауға байланысты Калифорниядағы Сан-Андреас жырығында күшті жер сілкінісі болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Кazinform меншікті тілшісі The New York Times басылымына сілтеме жасап.

жер сілкінісі
Фото: riskandinsurance.com

Қыркүйек айында Geosphere журналында жарияланған зерттеуде жер сілкінісі туралы ғалымдар екі жарылыс бір-бірімен байланысты болуы мүмкін деп болжайды. Сонымен қатар Каскадиядағы жер сілкінісі Сан-Андреас жарығы бойындағы жер сілкінісін де тудырды деп болжаған.

жер сілкінісі
Фото: aftershock.news

Каскадия субдукция аймағы Канададағы Ванкувер аралынан Солтүстік Калифорнияға дейін созылады. Бұл аймақта Хуан-де-Фука мұхиттық тақтасы Солтүстік Американың континентальды тақтасының астында. Бұл  АҚШ тұрғындарына қауіп төндіреді. Олар Калифорния штатындағы Солтон-Си-ден аяқталатын, Мендосино мүйісінен басталатын Сан-Андреас жарықшағының бойында тұрады. Каскадия мен Сан-Андреас Мендосино мүйісінде түйіседі.

АҚШ
Фото: ru.pinterest.com/dottiemonsour/mother-nature

Геологиялық кен орындарын мұқият зерттегеннен кейін Орегон мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Крис Голдфингер Каскадиядағы жерасты дүмпуі Сан-Андреастағы жер сілкінісімен бірге болғанын хабарлады.

- Ол құлаған кезде бұл Солтүстік Америка тарихындағы ең үлкен апат болады, - деді профессор Каскадия туралы.

Құрама Штаттардағы ең соңғы жер сілкінісі 12 қазанда Техас штатының Ховард округінде магнитудасы 4,4 болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісінің ошағы 3,1 миль (5,8 км) өте таяз жерде орналасқан, деп хабарлайды Volcano Discovery.

Соңғы жаңалықтар