БҰҰ қарусыздану бағытындағы келісімдердің мерзімін ұзартуды қолдайды

АСТАНА. KAZINFORM – Біріккен Ұлттар Ұйымы қарусыздану туралы келісімдердің мерзімін созуды қолдайды. Бұл туралы брифинг барысында халықаралық ұйымның ресми өкілі Стефан Дюжаррик Ресей президенті Владимир Путиннің Стратегиялық шабуылдаушы қаруларды қысқарту келісімінің әрі қарайғы тағдыры туралы сауалына пікір білдіре келе айтты, деп жазады ресейлік ТАСС.

Президент представит целостное видение будущего ООН — постпред Умаров
Фото: Anadolu

-Біз қарусыздану бойынша келісімдердің уақытының мерзімін ұзартуды қолдаймыз, -деді ол өзіне қойылған сауалға жауап бере отырып.

22 қыркүйек күні Путин Ресейдің Стратегиялық шабуылдаушы қаруларды қысқарту келісімі мерзімінің 2026 жылдың ақпанында аяқталғанынан кейін жыл бойына аталған құжаттың орталық шектеулерін ұстануға дайын екенін мәлім етті. Бұл ретте ол тура осындай талаптарды АҚШ-тың да орындауы қажеттігін ескертті.

Өз кезегінде Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт АҚШ президенті Дональд Трамптың Путиннің ұсынысы жөнінде хабардар екенін, келісім мерзімі аяқталған соң, осы мәселеге қатысты пікір білдіретінін жеткізді.

Осыған дейін БҰҰ жиынында не айтылғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар