БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Иран әрекеті талқыланады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ 14 наурызда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізбек. Басқосуда Иранның жуырда баллистикалық зымырандарды ұшырғаны талқылануы тиіс.

Америкалықтар мұны «арандатушылық әрекетке» балайтынын айтып отыр. Естеріңізде болса, осы аптада Ислам Республикасы әскери оқу-жаттығулар аясында бірнеше баллистикалық зымыран ұшырған болатын. Тегеран мұны елдің жауынгерлік әзірлігін көрсету үшін ғана жасағанын айтқан. Алайда көпшілік Иран ядролық оқтұмсықтармен жабдықталған зымырандарды сынақтан өткізуі мүмкін деп қауіптеніп отыр, деп жазады 24.kz.

Соңғы жаңалықтар
telegram