БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Газа жоспарын қолдайтын АҚШ қарарының жобасын қабылдады
АСТАНА. KAZINFORM – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторына қатысты бейбітшілік жоспарын қолдайтын АҚШ қарарының жобасын қабылдады, деп хабарлайды ТАСС.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі 15 мүшенің 13-і құжатты қолдап дауыс берді. Ресей мен Қытай елі қалыс қалды.
Бұған дейін АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі АҚШ қарарының жобасында халықаралық тұрақтандыру күштерін қолдайтын және палестиналықтардың ХАМАС ұйымынсыз Газадағы тұрақты, қауіпсіз, бейбіт және гүлденген болашағын қамтамасыз ететін ережелер қамтылғанын хабарлады.
Өткен аптада Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі Ресейдің Газада тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу туралы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарарының АҚШ-қа баламалы жобасын дайындағанын хабарлады. Атап айтқанда, Ресей АҚШ қарарының жобасы Палестина-Израиль бейбіт келісімі үшін екі мемлекет шешімін қолдамайтынына назар аударды.
Айта кетейік, бұған дейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сирия президентіне қарсы санкцияларды алып тастағаны туралы жаздық.