БҰҰ: Оңтүстік Судандағы су тасқыны салдарынан жарты миллионнан аса адам баспанасыз қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Табиғи апат 379 мың адамды үйін тастап, кетуге мәжбүрледі, деп жазады Анадолы агенттігі.

Оңтүстік Судан
Фото: Анадолы

БҰҰ Гуманитарлық мәселелерлі үйлестіру басқармасының (ГМҮБ) мәліметтерінше, Оңтүстік Судандағы алапат су тасқыны 1,4 млн адамның өміріне зардабын тигізді, 379 мың адам үйін тастап кетіп қалды.

ГМҮБ мәлімдемесінде елде болған су тасқындары кейінгі жылдардағы ең ауқымды табиғи апат болып отырғаны айтылған. Жолдарды су басып, гуманитарлық қызметкерлер зардап шеккендерге көмек көрсетуде қиындыққа тап болып отыр.

«Безгек ауыруының тарауы зардап шеккен аудандардағы денсаулық сақтаумен байланысты онсыз да қиын жағдайды одан сайын күрделендіре түсуде», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда су тасқынының инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығы алқабына зардабын тигізіп, елдегі гуманитарлық дағдарысты одан сайын қиындатып жібергені айтылады.

Осыған дейін Пәкістан вокзалында жарылыс болып, кемінде 25 адам көз жұмғаны туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар