Пәкістан вокзалында жарылыс болып, кемінде 25 адам көз жұмды
АСТАНА. KAZINFORM – Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясына қарасты Кветте теміржол станциясында жарылыс ұйымдастырылып, кемінде 25 адам көз жұмды, тағы ондаған адам жарақат алған, деп хабарлайды BBC.
Жарылыс Пешавар қаласына баруы тиіс жолаушылар толы құрам жолға шыға саласымен болған. Әлеуметтік желіде бейнебақылау камераларына түсіп қалған платформадағы жарылыстың видеолары тарап жатыр.
Жарылысты Белуджистанды аза ету армиясының содырлары мойнына алды. Бұл АҚШ, Британия, Еуроодақтың бірқатар елін қоса алғанда лаңкес деп танылған ұйым.
Кейінгі кезде аталған ұйымның сарбаздары провинцияда бірнеше жойқын жарылыстар ұйымдастырған.
Олардың талабы – 15 миллионға жуық адам тұратын Белуджистанның тәуелсіздігін мойындату және осы өңірдің ресурстарын толық бақылауына алу.
Кветта полициясы бомбаны жарған жанкешті мерт болған адамның тізімінде, ал жарақат алғандардың саны 50-дің шамасында екенін жеткізді.
Аға полиция сардары Мухаммад Балох BBC тілшісімен болған әңгіме барысында жарылғыш заттың қуаты шамамен 6-8 кг екенін жеткізді. Ал құрбан болғандардың арасында бейбіт тұрғындар мен әскерилер бар. Полиция құрбан болған әскерилердің саны 14 екенін анықтады.
Осыған дейін Мозамбикте бір айдан бері үкіметке қарсы наразылықтар тоқтамай жатқанын жаздық.