БҰҰ Трамптың Венесуэланы басқару жоспарына неге алаңдаулы

АСТАНА. KAZINFORM — БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш соңғы айларда АҚШ пен Венесуэла арасындағы қарама-қайшылыққа «терең алаңдаушылық» білдірді. Бұл туралы Бас хатшының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик мәлімдеді.

БҰҰ
Фото: Unfoundation.org

«БҰҰ Бас хатшысы Венесуэладағы жағдайдың соңғы кезеңдегі шиеленісіне, оның шарықтау шегіне жеткен бүгінгі АҚШ-тың елдегі әскери операциясына және бұл аймақ үшін ықтимал алаңдатарлық салдарына терең алаңдаушылық білдіреді», деді С.Дюжаррик.

Ол өз баяндамасында Венесуэладағы жағдайға қарамастан, бұл бастамалар қауіпті үлгі болатынын айтып өтті. 

«Бас хатшы барлық тараптарға халықаралық құқықты, соның ішінде БҰҰ Жарғысын толық құрметтеудің маңыздылығын үнемі атап көрсетеді. Ол халықаралық құқық нормаларының сақталмауына қатты алаңдаушылық білдіреді», делінген реми мәлімдемеде.

Сондай-ақ Стефан Дюжаррик БҰҰ Бас хатшысының Венесуэладағы барлық қатысушыларға адам құқықтары мен құқық үстемдігін толық сақтай отырып жан-жақты диалог жүргізуге шақыратынын жеткізді.

Еске сала кетсек, АҚШ Венесуэлаға және оның көшбасшысы, президент Николас Мадуроға қарсы ауқымды операцияны сәтті жүргізіп, нәтижесінде Мадуро жұбайымен бірге ұсталып, олар арнайы ұшақпен Нью-Йорк қаласына жеткізлді.

Соңғы жаңалықтар