Былтыр энергетикалық апат болған Екібастұз жылыту маусымына қаншалықты дайын

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұз жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото: Есенжол Исабек

Өңір басшысы Асайын Байханов Екібастұздағы алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмысының барысын тексерді.

Қыркүйек айының соңына дейін үш энергетикалық және үш су жылыту қазандығы дайын болады.

Қалған 4 қазандықты жөндеуді қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

ЖЭО жабдықтарын жаңартумен қатар, жылу магистральдарын реконструкциялау жұмысы да мерзімінде жүріп жатыр.


Жұмысты 22 қыркүйекке дейін толық аяқтау жоспарланған.

Облыс әкімі тұрғын үйлердің жылу қабылдауға дайындығын тексерді.

Көпқабатты 690 тұрғын үйдің 665-інде жылу жүйелерін жуу, сығымдау және т.б. дайындық шаралары орындалған.

Қалған үйлер бойынша жұмыс ағымдағы аптаның соңына дейін аяқталуы керек.

- Алдағы жылыту маусымына дайындық мәселесі облыстың аудан-қала әкімдерінің жұмысында басымдыққа ие болуы тиіс және ол менің қатаң бақылауымда болады, - деп атап өтті Асайын Байханов.


Сондай-ақ, облыс әкімі екі көппәтерлі үйдің тұрғындарымен кездесті.

Сонымен қатар, аймақ басшысы бірінде шатыры мен акт залына күрделі жөндеуді, ал, екіншісінде терезе мен есіктерін ауыстыруды және спорт алаңын орнатуды қажет ететін № 10 және 23 мектептерде болды.

Барлық жоба бойынша тиісті құжаттама дайындалып жатыр.

Асайын Байханов білім басқармасына осы жобаларды бақылауға алып, оларды келесі жылы іске асыруды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар