Бюджет қаражатын жымқырған: «СҚ-Фармация» компаниясына қатысты тергеу жүріп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Қаржылық мониторинг агенттігі «СҚ-Фармация» компаниясына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.

СҚ-Фармация
Фото: Kazinform

– Иә, бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, алайда тергеу мүддесіне байланысты толық ақпарат жария етілмейді, – деді Жеңіс Елемесов Сенат кулуарында.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әріптесі Мұрат Әбеновпен бірге берген өтініш негізінде «СҚ-Фармация» ЖШС қатысты тергеу басталғанын хабарлаған болатын.

Биыл маусымда қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар аудит материалдары Бас прокуратураға шара қабылдау үшін жолданған еді.

 

Соңғы жаңалықтар