Бюджетке донор болып отырған өңірлерден алатын трансферттер көлемі азаяды

АСТАНА. KAZINFORM — Сенатта бюджетті өңірлер мен орталық мемлекеттік органдар арасындағы бюджет қатынастарын реформалау мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтіп жатыр.

Ұлттық экономика вице-министрі
Фото: Үкімет

Талқылауда Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин донор өңірлердің мәселесіне тоқталды. 

— Трансферттерді жоспарлау өңірлік стандарттар жүйесінің көрсеткіштеріне бағдарланатын болады. Бұл жергілікті жобалардың қымбаттаған бөлігін қаржыландыру, донор өңірлерден алатын трансферттерді азайту сияқты мәселелерді шешеді, — деді ол.

Оның сөзінше, бұдан былай өңір әкімдерінің орталыққа қол жайып қаражат сұрауы азаяды.

— Кейбір өңір өзінде инфрақұрылым мардымсыз болғанына қарамастан донор болып отырғаны туралы сын айтылған болатын. Мұндай өңірлерге аймақтық стандарттар жүйесінің нақты мәнін ескере отырып, қосымша коэффициент қолданылады. Осы тәсіл арқылы 2026 жылдан бастап нысаналы даму трансферттері өңірлерге ұлттық ауқымдағы жобаларды қаржыландыру үшін ғана бөлінеді, — деді Азамат Әмрин.

Еске салсақ, 15 наурызда Мемлекет басшысы жаңа Бюджет кодексіне қол қойған еді. 

Соңғы жаңалықтар