БЖЗҚ салымшыларға ескерту жасады

АСТАНА. KAZINFORM — БЖЗҚ-ның мәліметінше 27-28 желтоқсан аралығында жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты байланыс орталығына қызмет көрсету уақытша қолжетімсіз болады. 

БЖЗҚ
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

— 27-28 желтоқсан аралығында жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты байланыс орталығына қызмет көрсету арналары (телефон және онлайн-чаттар) уақытша қолжетімсіз болады. Ықтимал қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік үшін алғыс айтамыз, — делінген хабарламада. 

Айта кетелік 11 айда БЖЗҚ-ның инвестициялық табысы 1,65 трлн теңге болды. Сонымен қатар БЖЗҚ зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегін 10 пайыз көтерді. Сондай-ақ Ұлттық банк зейнетақы жинағына қатысты кеңес берген еді

Соңғы жаңалықтар