Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауына ChatGPT-дің қатысы жоқ — OpenAI

АСТАНА. KAZINFORM — OpenAI Сан-Францискодағы Калифорнияның Жоғарғы сотына «жасөспірімнің өліміне жауапты емеспіз» деп жауап берді, деп хабарлайды NBC News.

ChatGPT-дің жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауына қатысы жоқ — OpenAI
Фото: Видеодан скрин

Тамыз айында 16 жастағы Адам Рейннің ата-анасы жасанды интеллект компаниясы мен оның бас директоры Сэм Альтманды сотқа беріп, жасөспірім ChatGPT-ді «өзіне қол жұмсау бойынша жаттықтырушы» ретінде пайдаланды деп мәлімдеді.

Сот ісіндегі чат журналдары GPT-4o жасөспірімді психикалық денсаулық мамандарының көмегіне жүгінуден бас тартқызып, оған суицид туралы хат жазуға көмектесуді ұсынғанын көрсетті.

Отбасының талап-арызына сәйкес, Рейн ChatGPT-де өз-өзіне қол жұмсау туралы ойларымен бөліскенде, бот оған суицид туралы сенім телефонының нөмірі бар бірнеше хабарлама жіберген. 

Компания пайдаланушы келісімінде Рейннің бұзған бірнеше ережесін атап өтті. Ең бастысы 18 жасқа толмаған пайдаланушыларға ата-анасының немесе қамқоршысының келісімінсіз ChatGPT-ді пайдалануға тыйым салынады. 

Сотта бұл қайғылы жағдай Рейннің «ескертулерге құлақ аспауы, көмек сұрамауы және мұқият болмауы» салдарынан туындағанын айтады. Сонымен қатар ChatGPT жасөспірімге 11 сәуірде 100 рет көмек сұрауды ұсынғанымен, ол бұл шектеулерді айналып өткен.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ пен Канада тұрғындары OpenAI өніміне шағымданған еді. 

Соңғы жаңалықтар