Чехия үкіметі отставкаға кетті

АСТАНА.KAZINFORM — Чехия премьер-министрі Петр Фиала бастаған үкімет отставкаға кетті. Бұл туралы Үкімет басшысы хабарлады деп Report агенттігі жазды.

Чехия үкіметі отставкаға кетті
Фото: Report

Бұған дейін ел президенті Петр Павел оппозициялық оңшыл ANO партиясының жетекшісі Андрей Бабишке жаңа үкімет құруды тапсырған болатын.

Конституцияға сәйкес, отставканы президент қабылдайды, ал қазіргі министрлер жаңа үкімет құрылып, тағайындалғанға дейін өз міндеттерін уақытша атқара береді.

Еске сала кетейік, Чехияда өтіп жатқан парламенттік сайлауда басты фаворит ретінде бұрынғы премьер-министр Андрей Бабиш басқаратын оппозициялық «Азаматтардың наразылық акциясы» (ANO) қозғалысы танылып отығанын жазған едік.

Чехиядағы сайлаулардың алғашқы нәтижесі көрсеткендей,  ANO шамамен 37% дауыс жинады. Екінші орында — SPOLU коалициясы, ол 21,5%-дан астам дауыс жинады. Үшінші орында «Стан» қозғалысы, ол 10,7% дауыс алды.

Одан кейін СДПГ партиясы 8%-дан астам дауыспен, сондай-ақ «Пираттар» 8%-ды жинады. «Автокөлікшілер» де қажетті 5%-дық шекті артта қалдырды, бірақ 7%-дан аз дауыс жинады.

Чехия Қазақстанның саяси және экономикалық саласындағы белсенді серіктесі болып табылады. Сондай-ақ, жергілікті университеттерде оқуды таңдаған қазақстандық студенттердің саны артып келеді.

Соңғы жаңалықтар