«Челсиді» таңғалдырған «Қайрат» түлегі Лондонда доп тебеді

АСТАНА. KAZINFORM - Алматылық «Қайрат» футбол клубының және Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Челси» командасына ауысуға жақын. 

Дастан
Фото: ФК Қайрат

Англиядағы үздік командалардың бірі талантты футболшыға қатысты нақты шешім қабылдады. Енді алматылық және лондондық клуб арасында трансферге қатысты іс-шаралар басталады. 

Дастан Сәтпаевтың жаңа клубқа ауысуы алдағы аптада болады деп жоспарланып отыр. Қазақстандық аяқдопшының жасы 18 жасқа толмауына байланысты қос тарап арасындағы келіссөздің қалай жүргізілетіні әзірге белгісіз. 

Айта кетсек, Дастан желтоқсан айында лондондық клубта қаралымнан өткен болатын. 

Еске сала кетейік, өзбекстандық футболшы Хусанов Манчестер-Ситиде ойнауы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар