Чемпиондар лигасы: «Аят» Португалияның «Спортинг» командасынан жеңілді

Қазақстандық «Аят» футзал клубы бүгін футзалдан Чемпиондар лигасы негізгі сатысында екінші ойынында Португалияның «Спортинг» командасынан жеңілді, деп хабарлайды Kazinform.

футзал
Фото: Pixabay

Қазақстандық клуб бірінші топта Португалияның «Спортинг», Хорватияның «Олмиссум» және Украинаның «Хит» командаларымен ойнайды.

Бүгінгі кездесуде португалиялық клуб тәжірибелі ұжым екенін тағы бір мәрте дәлелдей білді.

Бірінші кезеңде олардың қатарынан Зики — 9, Жоао Матос — 10, Тайнан — 11, 18, 21, Алекс Мерлин — 15-минутта мергендік танытты.

Оған «Аят» сапынан Азат Валиуллин 12-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша олар қарсыласына 1:6 есебімен есе жіберді.

Енді рудныйлық ұжым 28 қазанда «Хит» клубымен кездеседі.

Айта кетсек, «Аят» бірінші кездесуінде хорватиялық «Олмиссумнан» жеңілді.

Дәл қазір футзалдан Чемпиондар лигасы негізгі сатысында алматылық екінші ойынында «Қайрат» Люксембургтің «Дюделанж» командасымен кездесіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар