Чемпиондар лигасы: «Наполи» мен «Барселона» тең ойнады

АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы ойындары аяқталды.

Чемпиондар лигасы: «Наполи» мен «Барселона» тең ойнады
Фото: uefa.com/uefachampionsleague

21 ақпанда «Порту» (Португалия) мен «Арсенал» (Англия) кездесуінде жалғыз гол соғылды. Оны португалиялық командадан Вендерсон Галено Отавио 94-минутта өзінің еншісіне жазды.

Осылайша «Порту» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Тағы бір кездесуде «Наполи» (Италия) мен «Барселона» (Испания) командалары 1:1 есебімен тең түсті. Ойында италиялық командадан Виктор Осимхен 75, Роберт Левандовски 60-минутта мергендігімен көзге түсті.

20 ақпанда өз алаңында Италияның «Интері» Испанияның «Атлетико Мадрид» клубын 1:0 есебімен жеңсе, Нидерландтың ПСВ командасы мен Германияның «Боруссия Дортмунд» клубы 1:1 есебімен тең ойнады.

Еске салсақ, бұдан бұрын өз алаңында «Лейпциг» (Германия) «Реал Мадрид» (Испания) клубынан 0:1, «Копенгаген» (Дания) «Манчестер Сити» (Англия) клубынан 1:3 есебімен жеңілді.

Ал «Пари Сен-Жермен» (Франция) «Реал Сосьедад» (Испания) клубын 2:0, «Лацио» (Италия) «Бавария» (Германия) клубын 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Енді қарымьа ойындар 5,6, 11, 12 наурыз күндеріне белгіленген.

Соңғы жаңалықтар