Чемпиондар лигасы: «Барселона» өз алаңында ойсырай жеңілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалының екі ойыны өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алғашқы жұпта «РБ Лейпциг» (Германия) және «Ливерпуль» (Англия) командалары шеберлік байқасты. Бұл ойын Германиядағы коронавирус инфекциясынан сақтық шараларына байланысты Мажарстан астанасы - Будапешт қаласындағы «Пушкаш Арена» стадионында болды.

Ойында ағылшын командасы сапынан 53 және 58-минуттарда Мохамед Салах пен Садио Мане бір-бірден гол соқты. «Ливерпуль» 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, екі команда бұған дейін Чемпиондар лигасында бір-бірімен ешқашан кездесіп көрген емес. Тұңғыш рет болған ойында ағылшын клубының мерейі үстем болды.

Испанияның «Барселона» клубы өз алаңында «Пари Сен-Жермен» командасынан 1:4 есебімен ойсырай жеңілді. Есепті 27-минутта пенальтиден испандық клуб сапынан Лионель Месси ашқан болатын. Бұдан кейін «Пари Сен-Жермен» жартылай қорғаушысы Килиан Мбаппе 32, 65 және 85, Мойзе Кен 70-минутта мергендік танытты.

Қарымта ойындар 10 наурызда болады. Жеңімпаз команда ширек финалға шығады.

Бүгін, 17 ақпанда Чемпиондар лигасы 1/8 финалында тағы екі ойында «Порту» (Португалия) мен «Ювентус» (Италия), «Севилья» (Испания) және «Боруссия Дортмунд» (Германия) командалары кездеседі. Қалған төрт кездесу 23 және 24 ақпан күндеріне белгіленген.


Соңғы жаңалықтар