Чемпиондар лигасы: «Челси» жарысты жалғастыра ала ма

None
Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалында 7 наурыздан 8-не қараған түні қарымта екі ойын өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі ойынның бірінде Португалияның «Бенфика» және Бельгияның «Брюгге» командалары шеберлік байқасады.

Кездесу елорда уақытымен 1.50-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін бір мәрте кездесті. Аталған кездесуде португалиялық футболшылар 2:0 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, тағы бір кездесуде Англияның «Челси» командасы өз алаңында Германияның «Боруссия Дортмунд» клубын қабылдайды.

Кездесу елорда уақытымен 1.50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін бір мәрте кездесті. Бұл ойында германиялық клубтың мерейі үстем болды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы алдағы екі ойынына кеңейтілген тізімі жарияланды.


Соңғы жаңалықтар