Euro 2024: Қазақстан құрамасының алдағы екі ойынға кеңейтілген тізімі жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан құрамасының 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысындағы алдағы ойынына қатысатын кеңейтілген құрамы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық футболшылар H тобында сынға түседі. Қарсыластары - Дания, Словения, Финляндия, Солтүстік Ирландия, Сан-Марино құрамалары.

Ел құрамасы 23 наурызда елордада Словения және 26 наурызда Дания құрамаларымен кездеседі.

Кеңейтілген тізімге барлығы 32 ойыншы шақырылған. Олардың қатарында Ресейдің «Зенит» командасының қорғаушысы Нұралы Әліп, мәскеулік ЦСКА-ның жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов, Бельгияның «Моленбек» клубының қорғаушысы Ян Вороговский бар.

Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі мынадай:

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»), Стас Покатилов («Ақтөбе»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Ғафуржан Сүйімбаев (барлығы – «Ордабасы»), Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (екеуі – «Тобыл»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Абзал Бейсебеков, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов (барлығы – «Астана»), Талғат Көсепов («Каспий»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Лев Скворцов («Химки», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Эльхан Астанов (барлығы – «Ордабасы»), Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Рамазан Оразов («Ақсу»), Исламбек Қуат, Аслан Дарабаев (екеуі – «Астана»), Максим Самородов, Арман Кенесов (екеуі – «Ақтөбе»), Ислам Чесноков («Тобыл»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко («Астана»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Абылайхан Жұмабек («Ақтөбе»), Айбар Жақсылықов («Ордабасы»);

Еске салсақ, биыл футболшы Бауыржан Исламхан «Ордабасы» клубында ойнайды.


Соңғы жаңалықтар