Чили жағалауында 6,5 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Чилидің орталық жағалауында магнитудасы 6,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Германияның геоғылымдар зерттеу орталығы (GFZ) деп хабарлайды Kazinform агенттігі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Чили жағалауында 6,5 балдық жер сілкінісі болды
Фото: Анадолы

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, алдын ала мәліметтер бойынша жер сілкінісінің ошағы 28,66° оңтүстік ендікте және 71,74° батыс бойлықта болған. Гипоцентр 10 шақырым тереңдікте орналасқан. 

Арнайы Kazinform агенттігіне серіктесіміз Синьхуа агенттігі ұсынған. 

Айта кетсек, бұған дейін Соломон аралдарында 6,7 магнитудалы жер сілкінісі болғанын хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар