Чилидегі өрттен қаза тапқандар саны 131-ге жетті

табиға апат
Фото: reuters.com

АСТАНА. KAZINFORM – Өткен аптаның соңында Чилиде болған орман өрті салдарынан кем дегенде 131 адам қаза тауып, 100-ге тарта адам із-түзсіз жоғалып кетті. Әзірге 35 адамның мәйіті табылған. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды. 

Өрттен қатты зардап шеккен аудандарға жақын орналасқан Вальпараисо қаласында жақындарын іздеп жүргендерге психологиялық қолдау көрсетіліп, ДНҚ тестілеуі жүргізіліп жатыр. Алайда бұл процесс табылған денелердің қатты күйіп кетуіне байланысты ұзаққа созылуда. 

Бұл - 500-ден астам адамның өмірін қиған 2010 жылғы жер сілкінісі мен цунамиден кейінгі елде болған ең ауыр табиғи апат. Президент Габриэль Борич сейсенбі күні аймаққа барып, зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетілетінін айтты. 

Бұған дейін Чилидің Вальпараисо аймағындағы орман өртінен қаза тапқандар саны 100 адамнан асқаны хабарланған болатын. 

Соңғы жаңалықтар