CҚО-да халық алғаш рет аудан әкімін өздері сайлады

АСТАНА. KAZINFORM – СҚО-да Қызылжар ауданы әкімінің сайлауы өтіп, нәтижесі шықтыПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімін сайлау қорытындысы бойынша Бейбіт Исманов жеңіске жетті. 

Қызылжар ауданының әкімдігі
Фото: Қызылжар ауданының әкімдігі

СҚО Қызылжар ауданы әкімінің сайлауы 10 тамызда өтті.

Қызылжар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, аудан әкіміне үш үміткер болды, олар: Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Санат Әубәкіров, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Бейбіт Исманов және СҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Асқар Хабибулин. 

Сайлаушылар тізімінде 31 661 азамат болса, дауыс беруге 18 мыңға жуығы келді және сайлау учаскесінен тыс 500-ге жуық сайлаушы қатысты.

Нәтижесінде, Санат Әубәкіров 2 549 дауыс жинады, Бейбіт Исмановқа сайлаушылардың 11 771 дауыс берді. Асқар Хабибулин 1 671 дауыс жинады. 

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны 1 310 болды

Сайлау қорытындысы бойынша Қызылжар ауданының әкімі болып Бейбіт Исманов сайланды. 

Бейбіт Исманов 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

«Автомобиль көлігінің инженер-механигі» мамандығы бойынша М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, «Құқық бакалавры» мамандығы бойынша Мәскеу заманауи гуманитарлық институтын, «Мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі» мамандығы бойынша Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Петропавл қаласының ПМК-76-да бастаған.

1996-2000 жылдары - Петропавл қаласы «Имсталькон» ААҚ ОТС инженері.

2000-2001 жылдары - Петропавл қаласы «Кіші қонақ үй» МКК директорының орынбасары, директоры.

2002-2008 жылдары - Петропавл қаласы әкімінің көмекшісі, Петропавл қаласы әкімі аппаратының басшысы.

2008-2012 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2012-2018 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болды.

2018-2020 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі лауазымын атқарды.

2020-2025 жылдары СҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болды.

Бұған дейін Бейімбет Мусин Батыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқаратынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар