Cloudflare қызметіндегі ақау: Spotify, X, ChatGPT істен шықты

АСТАНА.KAZINFORM - Cloudflare инфрақұрылымындағы жаппай техникалық ақаулық бүкіл әлем бойынша бірқатар интернет қызметтерінің жұмысында үзіліс тудырды, деп хабарлайды Kazinform.

Масштабный сбой Cloudflare: не работают Spotify, X, ChatGPT
Фото: Oxu.az

Мәселе X (бұрынғы Twitter), Spotify, ChatGPT, Discord және Steam қызметтеріне әсер етті. League of Legends, Valorant және Faceit сияқты ойын қызметтерін пайдаланушылар да желі ақауына шағымданды.

Cloudflare өкілдері ақау шыққанын растап, мәселені шешуді жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, ChatGPT қыркүйектің басында үлкен үзіліске ұшырады.

Сондай-ақ, 4 қыркүйекте Alphabet Inc. құрамына кіретін интернет-гигант Google-дың негізгі қызметтері әлемнің әртүрлі елдерінде үлкен үзіліске ұшырағаны туралы хабарланды.

Пайдаланушылар Gmail, YouTube, Google Maps, Google Drive және Google-дың негізгі іздеу жүйесі сияқты танымал платформалардың қолжетімсіздігі туралы хабарлады.

Бұған дейін Alibaba Cloud ChatGPT-ге бәсекелес жоба шығарғаны хабарланды.

 

Соңғы жаңалықтар