Дағдарыстан кейінгі дамуға бағыт - Павлодар облысы әкімінің мәслихат депутаттарына берген есебі бойынша

«Облысымыз дағдарыстан кейінгі дамуға сенімді бет алып келеді, экономиканың барлық бағыттары бойынша аймақ экономикасы оң дамуда. Біз экономиканың нақты секторының экономикалық белсенділігін қалпына келтіре алдық, жұмыссыздықтың өсуіне жол берген жоқпыз, халықтың кірісі мен әлеуметтік төлемдердің өсуін қамтамасыз еттік», деп атап көрсетті әкім сәрсенбі күні өткен сессияда.
Осыдан бір жыл бұрын нақты көлемнің индексі бойынша өнеркәсіптік өндіріс 83,7 пайыз көрсеткішпен 12 орында тұрса, соңғы үш айдың ішінде аймақ бұл көрсеткіш бойынша - 130,3 пайыз - республика бойынша көш бастап келеді. Өсудің ең жоғары динамикасын - 146,7 пайыз - өңдеу саласының кәсіпорындары көрсетіп отыр. Химиялық өнімдер өндіру - 4,8 есеге, мұнай өңдеу саласының өнімдері - 1,5 есеге, металлургия өндірісі - 1,5 есеге, азық-түлік өндірісі - 1,6 есеге өсті. Энергетика, көмір өндіру, таза алюминий мен құрышты балқыту саласындағы өндірістің көлемі де бірнеше есеге артып отыр. Сондай-ақ, жылдың басынан бері аймақтың өнеркәсіп саласында 12 ірі инвестициялық жоба қолға алынды.
Әкім өз сөзінде сонымен бірге, ауыл шаруашылығын, денсаулық сақтау саласын дамыту, «Балапан» бағдарламасын орындау, жұмыс орындарын құру және халықтың тұрмысын жақсарту мәселелеріне де тоқталып өтті.
Атқарушы биліктің жұмысына баға берген депутат Николай Шабрат Б.Сағынтаевтың есебін «нақты және оптимистік» баяндама деп атап көрсетті және облыста халықтың тұрмысы жақсарып келе жатқанын айтты.